10.10.2025, 16:30
Оқылды: 262

Сырымдықтар веложорыққа аттанды

Сырым Датұлы атындағы тарих-өлкетану мұражайында “Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!” атты туристік-өлкетану веложорықшыларды шығарып салу салтанаты өткізілді.

асқақ рухпен алға 6

Жас туристер станциясы мекемесінің педагогтарымен үйірме тәрбиеленушілері Жымпиты-Шағырлой-Жаңақоныс-Қаратөбе маршруты бойынша “Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!” атты туристік-веложорығына аттанды.

асқақ рухпен алға 2

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев және мұражай меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева туристтердің алдағы сапарына сәттілік тілеп, сөз сөйледі.

асқақ рухпен алға 3

Веложорықшыларды ауданымыздың “Сырым батыр” көкпар командасының және “Бәйге” жас шабандоздар үйірмесінің оқытушыларымен оқушылары салтанатты шерумен шығарып салды.

 

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале