16.05.2017, 16:26
Оқылды: 38

Тасқаланың қос ауылына су тартылуда

Taskala su tartu   Тасқала ауданы әкімі С.Әлиев іссапармен Мерей және II Шежін ауылдарында болып, су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

         Мерей ауылындағы ұзындығы 23 шақырымды құрайтын су құбырын қайта жаңғырту жұмысын «Құрылыс Газ» ЖШС жүргізуде. Жұмысты 2018 жылдың қаңтар айында бітіру көзделген.



Ал Шежін-2 ауылындағы құбырды қайта құру жұмысын «БатысСтройСервис» ЖШС атқаруда. Жалпы ұзындығы 14,6 шақырымдық құбырды қайта құру жұмысы жоспар бойынша  ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп  күтілуде.
Мердігерлердің айтуынша, екі ауылда да жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітіру мүмкіндігі бар. Іс барысы аудан әкімі Санжар Әлиевтің бақылауында.

Ә.БЕКЕШЕВА

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале