27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай, Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Бақтығалиев, аудандық «Демалыс орталығының» директоры Б. Қарақұлов, директордың орынбасары Л. Абдуғалиева аудандық халық театрының ардагерлері, алғашында актриса, кейін зейнетке шыққанша халық театрының режиссері болған Н. Боранбаева, талай рөлдерді сомдап, көрермен ықыласына бөленген театр әртістері А. Сейіткереева және театр құрамында ойнаған Г. Ниязалиева, К. Джумалиева, Қ. Қадыралиеваларды театр күнімен арнайы құттықтап барды.
- Бұл күннің, әр қайсысына маңызы ерекдеп білемін. Тоқсан жылдық тарихы бар аудандық халық театрында жұмыс жасап, өнер көрсеткен әртістердің ауданның мәдени дамуына қосқан үлестері зор, - дейді аудандық «Демалыс орталығы» директорының орынбасары Л. Сәбекенқызы.
Айта кету керек, жәнібектік көрермен қауымға 1-сәуір күні кезекті спектакль жол тартпақ.
Қ. Ғалиева,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz