Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылдық округі аймағында «Көктем – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Жаттығудың мақсаты – көктемгі қар еруі және су жүруі кезінде болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындық.
Төтеншеліктермен бірге жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, округ әкімі Мейірбек Сұлтанов қатысты.
Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғауды басқару органдары мен қызметтерінің көктемгі су тасқыны кезеңіндегі іс-қимылдары пысықталды.
Шара шеңберінде көшелерді қардан тазалаy, су арықтарын ашу сынды жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ еріктілер тұрғындарға ақпараттық парақтар таратты. Жалпы көктемгі дайындық жұмысына 8 техника мен 30 адам жұмылдырылды.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz