9.02.2024, 10:30
Оқылды: 21

Теректі ауданында көктемге дайындық пысықталды

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылдық округі аймағында «Көктем – 2024»  республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. 

image-08-02-24-06-47

Жаттығудың мақсаты – көктемгі қар еруі және су жүруі кезінде болуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындық.

image-08-02-24-06-47-6

Төтеншеліктермен бірге жаттығуға аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, округ әкімі Мейірбек Сұлтанов қатысты.

image-08-02-24-06-47-2

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғауды  басқару органдары мен қызметтерінің көктемгі су тасқыны кезеңіндегі іс-қимылдары пысықталды.

Шара шеңберінде көшелерді қардан тазалаy, су арықтарын ашу  сынды жұмыс жүргізілді.

Сондай-ақ еріктілер тұрғындарға ақпараттық парақтар  таратты. Жалпы көктемгі дайындық жұмысына 8 техника мен 30 адам жұмылдырылды.

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале