2021 жыл айтулы даталарға толы. Соның бірі мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Теректіліктер де ақынның туған күніне орай аудандық мәдениет үйінде әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, – деген ақынның өлең жолдарымен басталған кешті Айбек Дәулетқалиевтың орындауындағы «Ана сен бақыттысың» өлеңі тамаша жалғастырды. Кеш барысында Дәурен Жұмағалиев, Гүлназ Құсайнова, Қайрат Сағидуллин, Елжас Мағзом секілді әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады.
Сондай-ақ «Жырлайды жүрек» аудандық байқауына қатысқан үміткерлер де ақын өлендерін мәнеріне келтіре оқып берді. Керемет сазды кешті «Үш қоңыр» тобы аяқтады. Әдеби-сазды кеш соныңда Арман Сагидоллин «Жырлайды жүрек» атты аудандық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Бахтияр Мұрадым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz