17.11.2022, 12:15
Оқылды: 58

Төртінші тоқсан қорытындыланды

Кеше Жәнібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов Тау, Қамысты, Борсы, Жақсыбай, Талов ауылдық округтеріне барып, тұрғындарға тоқсан сайынғы есеп беру кездесуін өткізді. 

IMG-20221117-WA0009

Кездесуге аудан прокуроры Сәкен Молдашев, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Әл-Фараби Қадыров, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ұшқын Ғазезов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ринат Рахимов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев, Х.Халиуллин атындағы шекара бөлімшесінің бастығы, майор Руслан Тоймаханбет, «Қайрат» шекара бөлімі бастығының орынбасары, капитан Серік Қонақбаев қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, жеке қабылдаулар өткізіп қайтты.

IMG-20221117-WA0008

Кездесулер барысында әр округтегі өзекті мәселелер көтерілді. Алдыңғы тоқсанда күн тәртібіне қойылған мәселелердің орындалғаны, жоспарға енгізілгендері айтылды. Ал кейбір шешімі қиын мәселелердің әлі талқылану үстінде екенін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындардың сұрақтары тыңдалды. Әр саладан келген басшы-қосшылар мен аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жақсылық Каримоллаұлы тұрғындардың сауалына жауап беріп, ұсыныс, сұраныстарын жазып алды.

Кездесуде жол, киік, электр желілерін қалпына келтіру, медициналық пункт салу, бұралқы иттерді залалсыздандыру сынды тағы да басқа мәселелер көтерілді.

IMG-20221117-WA0007

Сонымен қатар аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп шықты.

Ақпараттың толық мәтінін "Шұғыла" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале