5.11.2021, 16:37
Оқылды: 169

Тұңғыш әлем чемпионы Ақжайықтан

Спорттан Ақжайықтың мерейін асырып, жерлестерінің мақтанышына айналған жігіттердің қатарына енді Зайреден Мұхамбетжанов қосылды. Ол Сербия елінің Белград қаласында грэпплингтен (күрес түрі) өткен әлем чемпионатында ел тарихында тұңғыш рет чемпион атанды. 

г2

84 келі салмақта белдескен спортшы жартылай финалда американдық қарсыласымен жолықса, ақтық бәсекеде француздардың әйгілі балуанын тізе бүктірді.

г

Грэпплинг те самбо, дзюдо сияқты күрестің бір түрі болып саналды. Оны Қазақстанда, соның ішінде өңірлерде кеңінен тарату бойынша жұмыстар кеңінен қолға алынуда. Айта кетейік, Зайреден – облыс, республика бапкерлері үміт артқан үздік спортшы.

Айжан Ақыл,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале