23.02.2022, 20:18
Оқылды: 54

Тұрғындардың үнін тыңдады

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беру жиыны Жаңақала ауданы Қызылоба ауылдық округінде өтті. 

IMG-20220223-WA0062

Басқосуға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Қаресов, «Қазақтелеком» филиалының директоры Сәтжан Ғабдуллин, аудандық электр торабының басшысы Бауыржан Биғалиев және әр саладағы ауыл тұрғындары қатысты. Күн тәртібінде белгіленген мәселе бойынша Қызылоба ауылдық округінің әкімі Аманжол Жұмағазиев жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

IMG-20220223-WA0061

- Алда тұрған міндеттерге тоқталып өтсем. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын зерттеп, тұрмысы төмен отбасылармен жұмыстану. Қызылоба ауылдық округі, Жангелді, Айтпай елді мекендеріндегі қоқыс полигонын жайластыру, жайылып кеткен жерлерін тазарту жұмыстарын жүргізу. Ауыл ішілік көше жарықтарын LED шамдарына ауыстыру, ескі шамдарын Өркен, Тайпақ елді мекендеріне орналастыру. Шаруа қожалықтарының мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жұмыстану, асылдандыру, ірілендіру жұмыстарын жалғастыру. Жеке тұрғындардың малдарын бағуды ұйымдастыру. Техникалық судың құбырларын теңгерімге алу. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жұмыстану. Бұқаралық спортты дамыту. Жалпы жиналыстарда ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс-пікірлерді орындау.

Келтірілген деректерді саралай келе ауылдың әлеуметтік-экономикасы және тұрғындардың тұрмысы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын байқауға болады.  Әлі де болса сіз бен біз болып ауылымызды көркейтуге жан-жақты дамытуға жоспарланған көптеген жұмыстар бар, - деді ол. Одан соң аудан басшысы Д.Әмірханұлы сөз алып, бірден тұрғындарға өзекті мәселелерін айтуға кезек берді. Ауыл әкімінің есепті кездесуіне өз ой-пікірлерін білдірмек ниетте келген ауыл тұрғындары ортақ мәселелерді қаузап, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде Марат Темірғазы электр торабы тозғанын, сымдарды ауыстыру қажеттігін, жарық керектігін және оператордың қасына бір штат ашу жөнінде ұсынысын айтса, Тұрарбек Әбденғалиев  қос әкімге ризашылығын білдіріп, мал бағатын жайылым жер жоқтығын, Қарақұдық елді мекеніне су жіберу, ауыл шаруашылығы басшылығы тонна дизельдік отын беретінін айтып, хабарсыз кеткенін, қоқыс полигонын үлкейту жөнінде мәселе көтерді. Мәжидолла Исмағұлов ауылда мал ұрлығы көп екендігін, жолды асфальттау туралы, Кеңес Қадыралиев шөп мәселесі, тамақтың қымбатшылығы, малды қағып кекен көліктің шығынын малдың иесі төлей ме деген сұрағын қойып, осыған қатысты заңды білді. Гүлжамал Төлеуғалиева байланыс жоқтығын айтса, Айтқали Ажуов мал бағымының жүйесін дұрыстаса деген ұсынысын, Сәндігүл Исмағұлова интернет мәселесін, Ақбұлақ суының, жарықтың тарифінің қымбатшылығын, ипотека салу, штат ашып, лаборант алу мүмкіндігі бола ма деген сұрағын қойып, табиғи өнімдерді (сүт, айран, т.б.) өткізуге, сатуға арналған бағдарлама ашу жөнінде ұсынысын жеткізді. Марат Қожахметов жерлесі Алексей Гумаров малын ауыл ішінде ұстап отырғандығын, тұрғындар көшеде жүре алмайтындығын жеткізді. Ал Ұлпан Әуелбаева жастарға үй керектігін айтса, Айтқали Ажуов жайылым жөнінде пікірін білдірді. Аудан басшысымен қатар жауапты сала мамандары заң аясында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жеке-жеке жауап беріп отырды.

IMG-20220223-WA0063

Жиын соңында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер жинақталып, іс-шара жасалып, орындалуына жұмыстанатынын және орындалу барысы жөнінде тұрғындарға хабарланып отыратындығын ескертті. Сонымен қатар есепті кездесуден соң аудан әкімі Дархан Әмірханұлы жеке сауалдары бар тұрғындар жиын соңында сұрақтарына байланысты мамандарға жолыға алатындығын айтты.

Жаннұр Берікқызы, 

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале