25.11.2021, 12:40
Оқылды: 201

Үйірме – өнер бастауы

Оқушыларды, балаларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда, сонымен қатар жас өнерпаздардың өнерін шыңдап, талантты балаларды анықтап, үлкен сахнаға шығаруда үйірменің орны ерекше белгілі.

6

Шыңғырлау ауданы көлемінде жас дарындарды қанатының астына алған үйірме жетекшілерінің де жұмысы зор.  Осы орайда, ел Тәуелсіздігіміздің мерей тойының қарсаңында  аудан көлеміндегі үйірме өнерпаздарының қатысуымен «Үйірме – өнер бастауы» атты есептік концерті оздырылды.

10

Концертте әр үйірменің жұмысы туралы бейнебаян көрсетіліп отырды. "Жас толқын" көркем сөз, "Дәстүрлі ән», "Домбыра", "Жанерке" би тобы, "Жас дарын",  "Сарқырама ",  "Ару" және "Әсем әуен" үйірмелерінің жетекшілері оқушыларымен бірге өз өнерлерін көрермендерге ұсынды.

7

Әр баланың бойынан өнерге деген икемін анықтап, оны кәсіби тұрғыда дарынын шыңдай білген ұстаздар бүгінгі концертте жемісін берді. "Шын жүректен" әнімен шымылдығы ашылған есептік концертте барлық дерлік жанрда өнер көрсетіліп, соңында «Қол соғайық өнерпаздарға" әнімен әдемі кеш аяқталды.

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале