Ағымдағы жылдың 17 қазан күні Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай БҚО ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған марқұм Жарқын Фазылов және №18 өрт сөндіру бекетінің жургізуші-қызметкері марқұм Талғат Фазыловтың әкесі Сайлау Фазылов ақсақалдың үйіне барып құттықтап, кішігірім сыйлық табыстады.
Қазіргі таңда Сайлау атамыздың немерелері әкесі мен ағасының ізін қуып,Ержан Талғатұлы №18 ӨСБ жүргізуші қызметінде және Бауыржан Талғатұлы «Өрт сөндіруші» АҚ-да өрт сөндіруші қызметінде жұмыс атқарып келеді.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz