18.10.2021, 15:01
Оқылды: 66

Үлкенге құрмет көрсетілді

Ағымдағы жылдың 17 қазан күні Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы,азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаков «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесіне орай БҚО ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған марқұм Жарқын Фазылов және №18 өрт сөндіру бекетінің жургізуші-қызметкері марқұм Талғат Фазыловтың әкесі Сайлау Фазылов ақсақалдың үйіне барып құттықтап, кішігірім сыйлық табыстады.

2

Қазіргі таңда Сайлау атамыздың немерелері әкесі мен ағасының ізін қуып,Ержан Талғатұлы  №18 ӨСБ жүргізуші қызметінде және Бауыржан Талғатұлы «Өрт сөндіруші» АҚ-да өрт сөндіруші қызметінде жұмыс атқарып келеді.

 Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале