БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

22.03.2023, 11:43
Оқылды: 21
Ұлттық ойындар ұлықталды

Қаламыздағы «Қарашығанақ» спорт кешенінде әз-Наурыз мерекесіне арналған спорттық іс-шаралар өтті. Бұл шара былтыр да өткен болатын. Алдағы жылдары да ұйымдастырылып, Наурыз мерекесі қарсаңында өтетін ұлттық ойындардың дәстүрлі жарысы болады дейді шара ұйымдастырушылары. Шараға «Қарашығанақ» спорт кешенінің оқушыларымен қатар «Бөрлі» БЖСМ-нің оқушылары да қатысты. Жарыстарға қатысу үшін жиналған балаларға спорттық кешеннің қызметкерлері наурыз көже және бауырсақтар ұсынды.

ФОК3

ФОК4

-Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бөлімдерінің оқушылары арасындағы ұлттық спорт түрлерінен өтетін сайысқа қош келдіңіздер. Шарамыздың мақсаты наурыз мерекесін тойлау, ұлттық спорт түрлерін жасөспірімдер арасында кеңінен дамыту. Жарысқа қатысушылардың бәріне сәттілік. Спорттық шарамыз жоғарғы деңгейде өтеді деп сенемін, - деді «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің директоры Бауыржан Мухтубаев өз сөзінде.

ФОК6

Мерекелік кеш барысында ауданымыздағы БЖСМ-нің Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Әр түрлі спорт түрлерінің жүлдегерлері Жанерке Тудахунова, Мадина Жақсылықова, Азария Хамидуллина, Айкөркем Иосифова, Алихан Кушевтарды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың алғысхатымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

ФОК5

Мерекелік спорттық шараға қатысушы балалар асық, бес асық, ләңгі, арқан тартыс және тағы басқа спорттық ойындардан жарыстарға қатысып, «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің медальдары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале