Халық алдындағы есептік кездесу Ұзынкөл ауылдық округінде өтті. Ауылдық округтің әкімі Назар Шәріпов ауылдың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, атқарылған және атқарылатын жұмыстарды баяндады. Аудан басшысы Тимур Шиниязов аудан көлеміндегі істер мен жобаларға тоқталды.
Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сай есептік кездесулер еркін форматта әрі алты айда бір рет өтуде. Осы орайда баяндамалардан кейін кездесу сұрақ-жауаппен жалғасты.
Ауыл тұрғындары Аслан Нұрхашев, Алмагүл Құсайынова, Есберген Ажығалиева, Бибігүл Теміржанова, Сағымбек Хайыров, Асуан Құсайынов түрлі бағытта сұрақтар қойды. Дейтұрғанмен, қойылған сауалдар ауыл әкімі Назар Амангелдіұлының құзыретінде. Бір сөзбен айтқанда кездесуде шешімі табылатын ұсақ-түйек мәселелер айтылды.
Әр кездесудің соңында аудан басшысы тұрғындарды жеке қабылдайды. Бұл кездесуде ұзынкөлдіктер жеке мәселемен қабылдауда болды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы