Жаңақала ауданында волейболдан әйелдер арасында турнир өтті.
Халықаралық әйелдер күні де таяп келеді. Әрдайым отбасының ұйытқысы, береке мен бірліктің шырақшысы болған әйел заты әрқашан да құрметке лайық.
Айтулы мерекеге орай аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен волейболдан әйелдер командалары арасында аудандық жарыс басталды. Тартысты додаға барлығы жеті команда қатысып, бақтарын сынайды.
Турнирдің ашылу салтанатында Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Болатұлы мен «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Жасқайратұлы сөз алып, әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, қатысушы топтарға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Әрі қарай командалар өз дайындықтарын бастап, алғашқы ойынды Бірлік ауылы мен Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің командасы бастады.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz