3.04.2020, 0:46
Оқылды: 39

Халқымыз қамқорлықсыз қалмайды

 Төрткүл дүниені әбігерге салған індет салдарынан әлем елдерінде адам шығынымен қатар экономикасы да зардап шегуде.

B0AF66B1-3BF2-4C75-ADFF-927ED17C322C

Біздің елімізде де төтенше жағдай жарияланып, кеселдің жаппай таралуына жол бермеу мақсатында түрлі шектеулер қойылуда. Бұндай шаралар кезінде қиындықтар болатыны сөзсіз. Осындай кезде ел тұрғындарына қолдау көрсету, экономикамыздың қалыпты жұмыс жағдайын сақтау мақсатында мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Соның бірі - кешегі Президентіміздің мәлімдемесі. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде елдегі туындап отырған уақытша қиындыққа түсініспеушілікпен қараған барша тұрғындарға, кеселмен күресте жанқиярлық еңбек көрсетіп жүрген дәрігерлерімізге алғысын білдіріп, мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын шараларды белгілеп берді.

Аталған шаралар қатарында АӘК, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін 10 пайызға көбейту, табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде (42500 теңге) қаржылай қолдау, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікпен тегін қамтылатын азаматтар қатарын көбейту, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтарға 1 сәуірден 1 шілдеге дейін медициналық көмек алу құқығын беру әлеуметтік қолдаулары қарастырылған. Сонымен қатар уақытша экономикалық қиындықтарға орай шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірқатар жеңілдіктер берілуде. Мемлекет басшысы Үкіметке осы мақсаттарға тиісті қаражаттарды бөлуді жүктеді. Бұл өз кезегінде ел тұрғындарының қамқорлықсыз қалмайтынын көрсете отырып,

Мемлекет басшысына сенімімізді арттырып, қиындықты жеңіп шығуда бірлігімізді нығайта түспек.

Сонымен қатар біз, ел тұрғындары өз тарапымыздан індетті ауыздықтау мақсатындағы мемлекет тарапынан қойылып отырған шектеулерді қатаң сақтап, еліміздің өтпелі кезеңнен тезірек шығуына үлесімізді қосайық. Өйткені көп нәрсе өзімізге байланысты екенін ұмытпайық!

 Нұрлан Оразов

«Nur Otan» партиясы

Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале