26.04.2022, 12:30
Оқылды: 63

Заңсыз қарудан құтылудың заңды жолы бар

Заңсыз қару сақтау - біріншіден қылмыс, екіншіден қауіп. Не істеу керек?

Сырым аудандық полиция бөлімі ҚР ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген заңсыз (тіркеусіз) сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ерікті әрі өтемді түрде тапсыру қағидаларына сәйкес ел бойынша акция жарияланды деп хабарлайды. Акция сәуір айының 25-інен бастап ерекше өкімге дейін жалғасады.

2020_09_11_whatsapp-image-2020-09-11-at-174043

Суреттің дереккөзі: egemen.kz

Тұрғындардан заңсыз сақталудағы қару-жарақты сатып алу ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1299 қаулысымен бекітілген ереже негізінде жүзеге асырылады.

-Заңсыз сақталған, тіркеусіз қару-жарақты тапсырғаны үшін тұрғындарға ақшалай сыйақы қарастырылған. Осы мәселе бойынша Сырым ауданының полиция бөліміне келіп жолыға алады, – дейді Сырым аудандық полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау инспекторы, полиция майоры Ш.Жасталапова.

«Сырым елі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале