Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламановтың айтуынша, Жаңа Өмір мен Ұзынкөл ауылдарының су құбырын қайта құру жұмыстары былтыр басталған. Осы жобалар аяқталған кезде халықты таза сумен қамту 66,3 пайызға жетеді.
Айта кетейік, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен Теректі ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі өтуде.
-Аудандағы 18 елді мекен, жалпы аудан халқының 55 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды.
Биыл Богдановка және Приречное ауылдарында сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіруге, Жайық және Юбилейный ауылдарында су құбырын салуға байқау жарияланды. Бұл жобалар нәтижесінде тағы 6 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз.
Подстепное, Үлкен Еңбек, Социализм және Пойма ауылдарын сумен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға конкурс жарияланды,- дейді аудан әкімі.
Ал елді мекендерді абаттандыруға былтыр Федоровка, Подстепное, Юбилейное және Приречное ауылдарының көшелері бойында жаяу жүргіншілер жолдары төселген. Ауыл тазалығы да назардан тыс қалған жоқ. Қолда бар 242 қатты тұрмыстық қалдық жинауға арналған контейнерге қосымша тағы 80 контейнер мен ПЭТ бөтелкелерді жинауға арналған 11 контейнер орнатылған.
Сурет авторы Әділет Орынбасаров,
Теректі ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер