Бүгін Жаңақала ауданында халықты жұмыспен қамту орталығының және мекеме басшыларының қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге 210-ға жуық жұмыссыз тұрғындар қатысып, қажетті құжаттарын тапсырды. Аудан бойынша 30 мекемеден 217 бос орын ұсынылып, 190 адам жұмыспен қамтылды.
Соның ішінде 184 адам маусымдық жұмыспен, 6 адам басқа да мамандық бойынша жұмысқа орналасты.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz