27.03.2017, 14:29
Оқылды: 21

Жаңақалалық палуандар топ жарды

zhanakala sport   Орал қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Батыс Қазақстан облысының іріктеу чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге 12 аудан мен қалалық спорт мектептерінің білекті жас балуандары қатысып, өзара бақ сынады.


   Төл спортымыз төрге озған күні жаңақалалық Замир Батыров жаттықтыратын ұландардың да қанжығалары бос қайтпады. Олар дүбірлі додада топ жарып, аудан мерейін асқақтатты.

    Атап айтсақ, Дулат Мирамғалиев (42 келі), Арман Қасанғалиев (50 келі), Амандық Қадыровтар (60 келі) өз салмақ дәрежелерінде III орынды олжаласа, 66 келі салмақта Әділет Мәліков II орынды еншіледі.

    Бұлардан бөлек 38 келі салмақта белдескен Жалғас Тілекқабылов, Ералхан Өтегенов (50 келі), Нұрлан Жұмағұловтар (60 келі) жарыстың жеңімпазы атанды.

    Жеңімпаз және жүлдегер балуандар Қызылорда қаласында өтетін ел біріншілігінде облыс намысын қорғайтын болады.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале