13.06.2024, 10:32
Оқылды: 151

Жаңақалалықтар чемпион ұлын күтіп алды

Мамыр айында қазақ күресінен ересектер арасында ел кубогының жеңімпазы атанған жерлесіміз Айбатыр Миразатты жерлестері қошеметпен күтіп алды.

A8D5310D-258C-4155-A17A-ADB4003F8799

Жауырыны жерге тимей, қашанда жеңіс тұғырынан түспеген Айбатыр мен спортқа баулыған әкесі Айбек Миразатұлына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбаева, «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров пен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов құттықтауларын жолдап, жүрекжарды лебіздерін арнады.

D2A77B10-9629-4EAD-AEE8-BFDC6AF46009

Айта өтейік, сонымен қатар Айбатыр Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале