18.07.2016, 13:09
Оқылды: 45

Мал өнімі мол болды


малЖәнібек ауданының орталығындағы жәрмеңкеде мал өнімдері мол болды.


Бұл жолы Ұзынкөл, Тау  ауылдарынан бір-бірден қой, Таловтан екі қой, Жәнібек ауылынан үш қой, екі ірі қара еті әкелініп, келісі 900-1000 теңгеден саттыққа шығарылды. Тұтынушылар да көп болды, шығарылған өнімді әп-сәтте сатып алды.
Сонымен қатар ауылдан келушілер май, қаймақ, құрт, ірімшіктерін саудалап, тұтынушылардың сұранысына ие болды. Ал жәнібектік кәсіпкерлер сауда сөрелеріне қаз-қатар жайғасып, азық-түлік, бау-бақша өнімдерін келушілер талғамына ұсынды.

                                     А. ЕСІРКЕПОВ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале