26.04.2024, 21:03
Оқылды: 65

Жәнібек ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында алдын ала жазылған Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

FB_IMG_1714137942265

Жиынға дербес бөлім басшылары да қатысты. Жеке қабылдауға жазылған он төрт адамның басым бөлігі тұрғын үй, жұмысқа орналасу мәселелерін алға тартса, енді бірі кәсіпкерлік, қайтарымсыз грант, жол салу, прожектор орнату сауалдары бойынша жүгінді. Жәнібектіктердің мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған аудан басшысы биыл жаңа үйлер салынған жағдайда кезек бойынша берілетінін түсіндірді. Сондай-ақ қабылдауда көтерілген өзге де өтініштерді жан-жақты қарастырып, таразылаған Тимур Серікұлы барлығы да заң талаптарына сай орындалу қажеттігін айтып, нақты әрі толық жауап қайтарды.

FB_IMG_1714137944742

Сонымен қатар ол дербес бөлім басшыларына өз салалары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

FB_IMG_1714137939260

 Айсұлу Нұрболатқызы,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале