21.04.2022, 15:30
Оқылды: 59

«Жәнібек барысы» анықталды

Жәнібек ауданы орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан барысы» турнирінің Жәнібек аудандық іріктеу жарысы өтті. Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Спортшылар жеребе суырғаннан кейін ауыл ақсақалы Қабаш Жүнісов батасын берді.

2ADA6C96-5D65-4A8C-8B83-CFC456086103

Аудан көркемөнерпаздары Райымбек Каримов пен Асылан Боранбаев рухты әнмен спортшылар мен көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Додада 90 келіге дейін салмақ дәрежесінде 15 әуесқой палуан бақтарын сынаса, 90 келіден жоғары салмақта 8 палуан боз кілемнің шаңын қақты.

4F76ACDE-967C-401D-B8B3-F6E60CFBCD3E

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар келесі орындардан көрінді. 90 келіден төмен салмақта Сырым Байсов (Жәнібек) өгіз палуан атанды. Мерген Задоров (Жәнібек) ІІ орынды алса, Мерей Гайнуллин (Ақоба) ІІІ орыннан көрінді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мейрамбек Дошимов (Жәнібек) үшінші орын, Алмаз Батырқайыров (Күйгенкөл) екінші орын алса, Ниязбек Оңайәлиев (Жәнібек) жүлделі бірінші орынға ие болып, түйе палуан атанып, облыстық турнирге жолдама алды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале