Республикалық референдум Жәнібек ауданында ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Тұрғындар белсенді дауыс беруде. Өтіп жатқан сайлауға таң алакеуімнен халық көп келуде. Көңілді әуен ойнап, мерекенің иісі сезіліп тұр.
Аудан тұрғындары таңдауларын жасап, науқанға келмей жатқан тұрғындарды шақыруда.
«Елімізде болып жатқан әр мереке, саяси науқан, ең алдымен ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен маңыз беруі тиіс. Себебі біз
Жаңарған Қазақстанға бет алудамыз. Елімізде тек тыныш, бейбіт, бірлігімен жасай берсін!», - дейді бірауыздан тұрғындар.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы