9.09.2024, 21:00
Оқылды: 135

Жәнібекте ауыл тұрғындарымен еркін форматта кездесу өтті

Бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов Жақсыбай, Талов, Борсы ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

IMG_1128

Әкіммен бірге аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рустам Аманғалиев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Әл-Фараби Қадыров, аудандық аурухана директорының орынбасары Арайлым Молдағалиева, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жанболат Мұқашев, аудандық ветеринариялық станцасы директорының орынбасары Роллан Нарынов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев барды.

IMG_1148

Округтердегі мәдениет үйлерінде өткен кездесуде аудан басшысы ауданда жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта іске асатын жоспарларын айтып, кездесуді еркін форматта өткізуді ұсынды.

- Президентіміз Қ.Тоқаев өткен аптада жариялаған «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында мемлекет пен қоғам арысындаға диалогтың сапасын арттыра түсуіміз үшін бәріміз әділ, адал, тек заң аясында әрекет етіп, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап беруіміз керек деген болатын.

Жергілікті атқарушы органның ашықтығын, жауапкершілігін, есептілігін арттыру мақсатында жыл басынан бері елді-мекендерде халықпен кездесулер мен азаматтарды қабылдау өткізілді. Кездесулер барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге аса назар аударылып, проблемалық мәселелерді шешудің жолдарымен мерзімдері түсіндірілді. Кездесулерден кейін аудан тұрғындарынан түскен сұрақтары мен ұсыныс-ескертпелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталып, оның орындалу барысы бақылауға алынды. Бүгінгі күні тағыда өздеріңізбен кездесу жоспарланып алдарыңызға келіп отырмыз,- деді Тимур Серікұлы.

Тимур Шиниязов ауданның әлеуметтік-экономикалық бағытын атап өтіп, қазіргі таңда елді толғандырып отырған мал шаруашылығына тоқталды.

«Күні бүгінге 9 ауылдық округке барлығы 30 техника жұмылдырылып, барлығы 4441 рулон тасымалданды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады. Тұрғындарға 1 рулон бағасы 5-6 мың теңгеден жеткізілуде. Ал шаруа қожалықтарына осы айда төрт түліктің аналық басына мал азығын дайындау шығындарына субсидия төленетін болады», - деді ол.

IMG_1140

Жиын барысында жақсыбайлықтар 24 шақырым жолдың асфальтталуын сұраса, таловтықтар шөпке қоса жеңілдетілген бағамен жем әкелуді ұсынды. Сонымен қатар Борсы ауылының тұрғындары мектеп ғимаратының жағдайын қайта көтеріп, жаңа мектептің салынатынына сенімді екендерін жеткізді.

Кездесулерден кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале