14.11.2024, 21:00
Оқылды: 11

Жәнібекте өткен жиында атқарылған жұмыстар туралы айтылды

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Айтқалиев ағымдағы жылдың өткен мерзімінде атқарылған жұмыстар жөнінде тұрғындар алдында есеп берді.

image-14-11-24-06-33-2

​- Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен Жәнібек ауылының оңтүстік-батыс бағытындағы зиратты қоршау, ауылымыздың кіреберіс бағытындағы балаларға арналған жағажайды қоршау жұмыстары атқарылып, жаз мезгілінде балалардың құм үстінде волейбол ойнауына арналған алаң, демалатын орындықтар дайындалды. Қажетті құрылғылар келер жылдың жаз айында нысан басына жеткізілетін болады. Қазіргі уақытта Шарафетдинов және Мәметова көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба жаңадан асфальтталған аралықтар, - деді өзінің хабарламасында Ғибрат Талғатұлы.
Бұдан кейін ол ауыл тазалығы, мал бағымы мен мал қамайтын айыппұл тұрағы, мал азығын тасымалдау жұмыстарына тоқталды.
​Жиында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов сөз сөйлеп, алдымен аудан бойынша атқарылуы тиіс негізгі мәселелерге екпін түсірді.
image-14-11-24-06-33-3
​- Соның ішінде Жақсыбай – Сарыөзен арнасын қайта жаңғырту бойынша қаражат бөлініп, қазіргі таңда анықталған мердігер материалдарын дайындап жатыр. Жәнібек ауылындағы орталық кітапхананың құрылысы республикалық бюджеттің жобасына енген, қазір конкурстық рәсімдер өткізіліп, қараша айының соңына қарай өтінімдер қабылданады. Желтоқсан айында кітапхананың алғашқы қадасын қағу жұмыстары басталмақ. Бұл ғимарат Абай мен Әбдірахманов көшесінің қиылысындағы бұрынғы ескі монша сүріліп, соның орнына салынатын болады. Нысан екіқабатты болмақ. Аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуге қатысты әзірге бюджеттен қолдау болған жоқ. Алдағы уақытта бұл бағытта бюджетті нақтылау кезінде депутаттарымыз бар, салалық басқармаларға шығып, шаралар қарастырылатын болады. Келесі жылы ауданымызда Ғ.Қараштың 150 жылдығы республика деңгейінде аталып өтілмек, осыған орай аудандық балалар кітапханасы орналасқан ғимарат тұтастай аудандық музей бөліміне берілді. Осыған орай музей Ғ.Қараш атындағы музей болып аталмақ, - деген Жақсылық Каримоллаұлы әрі қарай мал азығына байланысты шөп, жем тасымалдау, тағы басқа жұмыстар туралы баяндады.
​Жиын барысында тұрғындар қойған сауалдарға ауыл әкімі Ғ.Айтқалиев жауап берді.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале