Референдум күні ауыл тұрғындарының референдум учаскелеріне қиындықсыз жетуі үшін аудан әкімдігі тегін ауылішілік маршруттар ұйымдастырды.
№2 маршруттық көлігінің жүргізушісі Өтеміс Әбуов таңғы 07:00-ден бастап тұрғындар тасымалымен әбігерде екенін жеткізді. Оның сөзінше, осы сәтке дейін тұрғындардың дәл осылай белсенділік танытқанын көрмеген. Референдум қарсаңында тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға атсалысып жүргеніне қуанышты екенін жеткізді.
Дауыс беруді азаматтық борышы санайтын Өтеміс Әбекенұлы өзі де ертемен өзі бекітілген референдум учаскесіне барып, дауыс бергендігін айтты.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы