Жәнібек ауданындағы екі ауылдық округте кіреберіс жолға күрделі жөндеу, яғни жол жабынын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Соның ішінде Қамысты ауылына қатынайтын он төрт шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары жалғасын тауып келеді.
Бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов Қамысты ауылына дейінгі автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Қызылорда жолдары» ЖШС-інің жұмысымен танысып, техникалық қадағалаушыға, мердігер компания өкілдеріне жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруы жөнінде тапсырмалар берді.
Айта кету керек, аталған жұмыстар былтыр басталған болатын. Жолдың жалпы ұзындығы 14,8 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 10,3 шақырымына жол жабыны жабылды. Қалған 4,5 шақырым жолға асфальт төсеу жұмыстары биыл құрылыс маусымы аяқталғанға дейін толық аяқталуы қажет.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz