27.04.2018, 17:47
Оқылды: 55

Жәнібектік спортшылар облыс чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті

IMG-20180424-WA0035Таяуда Орал қаласында жазғы спорттық бағдарлаудан ересектер арасында өткен Батыс Қазақстан облысының чемпионатында Жәнібек ауданының құрама командасы да жақсы жетістіктерге жетіпті.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм бағыты бойынша әдіскері Асқар Есекеевтің айтуынша, «Түнгі спринт» қашықтығында М35 тобы бойынша Ринат Қарабалин ІІ, W35 тобында Ақтоты Қалиева ІІ, W20 тобы бойынша Жанайым Мұхтарова ІІІ орынды иеленген. «Орта» қашықтығында  W20 тобында Ж.Мұхтарова ІІ,W35 тобы бойынша А.Қалиева ІІІ, WЕ тобында Лунара Сабырғалиева ІІІ орыннан көрінген.

Ал «Ұзақ» қашықтығында Л.Сабырғалиева WЕ тобы бойынша үздік атанған. Сондай-ақ әдіскер құрама команданың аталмыш жарысқа қатысуына дәнекер болған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылығына ришашылығын білдірді.

А.ЕСІРКЕПОВ,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале