5.04.2022, 17:30
Оқылды: 92

Жас спортшыларды қабылдады

Жаңақала ауданының әкімі Дархан Закарин дзюдо күресінен аудан намысын қорғап, жүлделі орын алып жүрген жас спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.

39

Атап айтсақ, қазақ күресі, дзюдо күресінен ҚР спорт шеберлігіне үміткер спортшылар Айбатыр Миразат (алғашқы жаттықтырушысы Айбек Ишанов, қазіргі кезде Мәди Арыстанғалиев), Айару Нұрланқызы (жаттықтырушысы Ернар Ғұбайдуллин), Ұлықбек Ізбасарға (жаттықтырушысы Ернар Ғұбайдуллин) спорт бәсекесіндегі жетістіктерімен құттықтап, алғысхат пен естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ спортшыларды жоғары деңгейге жеткізген бапкерлеріне де алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жайсаң Есекенов аудан басшысы Д.Әмірханұлына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Айбатыр Миразат қазақ күресінен, самбо күресінен, дзюдо күресінен аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, қазақ күресі мен дзюдо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаттарының қатысушысы. Ал Айару Нұрланқызы дзюдо күресінен аудандық жарыстың, ашық аудандық турнирдің, ашық қалалық турнирлердің, Батыс Қазақстан облысының чемпионы, Республикалық турнирдің жеңімпазы және жүлдегері. Ұлықбек Ізбасар дзюдо күресінен ашық аудандық турнирдің, ашық қалалық турнирлердің, облыстық ашық турнирдің,  Республикалық турнирдің жеңімпазы және жүлдегері.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале