Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толуына орай «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Бөкей ордасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қолдауымен ауқымды жастар форумы жоғары деңгейде өтті.

Форум белсенді жастардың басын қосып, ел болашағына үлес қосуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Шара барысында жастар саясаты, көшбасшылық, білім, кәсіпкерлік, еріктілік және қоғамдық белсенділік мәселелері кеңінен талқыланып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы