Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллиннің 31 тамыздағы №15 бұйрығымен Нұркен Азамат 1 қыркүйектен бастап Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды.
Нұркен Азамат 1999 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2016-2020 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқып, қызыл дипломмен тәмамдаған. Мамандығы: Жоғары техникалық құрылысшы.
2020-2021 жылдары Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жастар тәжрибесінен өткен.
2021-2022 жылдары Қаратөбе аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
Ерболат Мырзағұлұлы,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz