1.09.2022, 20:24
Оқылды: 117

Жастарда – жаңа басшы

Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Сафуллиннің 31 тамыздағы №15 бұйрығымен Нұркен Азамат 1 қыркүйектен бастап Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы қызметіне тағайындалды.

IMG_9072

Нұркен Азамат 1999 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2016-2020 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқып, қызыл дипломмен тәмамдаған. Мамандығы: Жоғары техникалық құрылысшы.

IMG_9070

2020-2021 жылдары Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жастар тәжрибесінен өткен.

2021-2022 жылдары Қаратөбе аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

                                                                       Ерболат Мырзағұлұлы,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале