Бөкей ордасы ауданына қарасты Жиекқұм ауылындағы медициналық пункттің күрделі жөндеуінің аяқталуына арналған салтанатты шара өтті.
Аудан әкімінің м.у.а Біржан Меңешов, облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов және Бисен ауылдық округ әкімі Кенжебек Құрмашев арнайы барып, жиекқұмдық ағайынның қуанышына ортақтасты.
Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Біржан Меңешов пен облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов сөз сөйледі.
Ауыл тұрғындарын атынан Қадырбай Молдашев ағамыз сөз алып, игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Шара медициналық пункттің лентасын қию рәсімімен жалғасып, барша қонақтарға ақтан ауыз тию ұсынылды.
Жиекқұм ауылындағы медициналық пункті күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталып еді. Тапсырыс беруші – БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Бөкей Ордасы аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ы. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген «Символ» ЖШС. Ал күрделі жөндеу жұмысының жалпы құны 41 млн.121 мың теңгені құраған.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz