25.10.2023, 14:45
Оқылды: 28

Жиекқұмнан жағымды жаңалық

Бөкей ордасы ауданына қарасты Жиекқұм ауылындағы медициналық пункттің күрделі жөндеуінің аяқталуына арналған салтанатты шара өтті.

IMG-20231023-WA0130

Аудан әкімінің м.у.а Біржан Меңешов, облыстық мәслихаттың депутаты Есқайыр Елемесов, аудандық аурухана директоры Анарбек Белисанов және Бисен ауылдық округ​ әкімі Кенжебек Құрмашев арнайы барып, жиекқұмдық ағайынның​ қуанышына ортақтасты.

IMG-20231023-WA0137

Салтанатты жиында​ аудан әкімінің міндетін атқарушы Біржан Меңешов пен​ облыстық​ мәслихат депутаты Есқайыр Елемесов сөз сөйледі.

IMG-20231023-WA0131

Ауыл тұрғындарын атынан Қадырбай Молдашев ағамыз сөз алып, игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.

IMG-20231023-WA0128

Шара медициналық пункттің лентасын қию рәсімімен жалғасып, барша қонақтарға ақтан ауыз тию ұсынылды.

IMG-20231023-WA0124

Жиекқұм ауылындағы​ медициналық пункті күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталып еді. Тапсырыс беруші – БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Бөкей Ордасы аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК-ы. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген «Символ» ЖШС.​ Ал күрделі жөндеу жұмысының жалпы құны 41 млн.121 мың теңгені құраған.

Еркебұлан Бисенғалиев,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале