2.09.2023, 17:39
Оқылды: 53

Жолдауда келелі мәселелер көтерілді

Кеше мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымында халыққа Жолдауын жолдап, келелі мәселелерді көтерді. 

IMG-20230902-WA0113

"Ерім деген ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шығады?" деген ұлы сөз бекерге айтылмағанын сөзімен жеткізу арқылы бірлік пен ынтымаққа шақырды. "Тек қағаз жүзіндегі ақпаратқа сүйенбей, нақты іспен жұмыстанғанда ғана мақсатқа жетеміз"- деді ел Президенті. Ұзақ мерзімді жоспарды қойып, қысқа мерзімді жоспармен нәтижеге жетуді ұсынып, 3 жылдық жоспарлармен жұмыс жасап отырған "Қарызсыз қоғам" жобасының арқасында 20 мыңнан астам азаматтың қаржы сауаттылығынан білім алып үлгергенін атап өтті.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңгеге жететіні де ел үшін жақсы жаңалық. Бірігіп Абайдың "Толық адам" жасау ұстанымын алға ұстап, "Әділетті Қазақстан" жобасын құруда табыс тілеп, сөзін аяқтады. Ел болып жетер биіктеріміз көп болғай!

Рая Жұмағалиева,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жаңақала ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале