Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Е.Сарсенғалиевтің ұйымдастыруымен дәрігер хирург, эндоскопист Малик Утегуловтың жетекшілік етуімен тұрғындарға арналған жоспарлы түрде тегін 11 ота жасалды.
Білікті хирург, эндоскопист Малик Утегуловтың қатысуымен, сонымен қатар аурухана ұжымы, оның ішінде хирург А.Дияров, Д.Нуппаев, хирург-онколог Д.Доскалиев, анестезиолог Д.Кукенов, операциялық мейірбике А.Мурзашева, Ж.Шакетов ішек полипы бойынша 8, өт-тас ауруларына 3 жоспарлы ота жасады.
Сәтті жасалынған ота нәтижесінде науқастар палатаға ауыстырылып, тұрақты емін алуда. Науқастардың қазіргі жағдайы жақсы. Бұл жоспарлы оталар тұрғындардың қалаға бармай-ақ аудан орталығынан қолжетімді медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында, сонымен қатар халықтың денсаулығын арттыру үшін жүзеге асырылды.
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz