17.08.2021, 11:49
Оқылды: 30

Жүзіп... оқ атып... жүгіріп...

"Ақ бидай" VII облыстық ауыл спорты ойындарындағы жымпитылық Әсем Шукатованың да жетістігі оңай келген жоқ. Ол жазғы Президенттік көпсайыстан әйелдер арасында 24-34 жас ерекшелігі бойынша І орын иемденді.

 55

- Президенттік көпсайыста спринт, гранат лақтыру, жүзу, оқ ату, төзімділікке жүгіру сияқты спорт түрлерінен сынға түстік. Көпсайыста аудан намысын қорғау әрі "Сен тұр, мен атайын!" деген мықтылардың арасына суырылып шығып, бірінші орын алу – әрине, мәртебе! - дейді жүлдегер қыз.

Әсем алдағы уақытта ауданымыздың, облысымыздың намысын Ақтау қаласында өтетін республикалық кезеңде қорғайтын болады.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале