Астана қаласындағы музыкалық жас көрермен театрының Сырым ауданындағы сапары жалғасып жатыр.
Өнер ұжымы кеше Сырым сахнасында жазушы Дулат Исабековтың повесі негізінде жазылған “Гауһартас” музыкалық драмасын қойды.
Бүгін театр актерлеры таңын Жымпитыдағы Алаш мұражайын тамашалаудан бастады. Алаштанушы Тұрсын Жұртбай: “Жымпитыдағы Алаштың ағаш үйі - қазақ Азаттығының қағбасы!” - дегендей, Сырым ауданындағы бұл тарихи нысан ХІХ ғасырдың басында Алаш үкіметінің Батыс бөлімшесінің резиденциясы қызметін атқарды. Кеңседе саяси қайраткерлер Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедовтер елдік қызметпен айналысқан.
Айта кетейік, театрдың жұлдызды актерлерінің бірі Аян Өтепберген Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмде Жаһаншаның рөлін ойнаған болатын. “Жаһанша” бүгін Жымпитыдағы үйіне келді.
Бауыржан Ширмедин,
Сырым ауданы,
Фото: Айман Өтеғалиева
zhaikpress.kz