20.09.2016, 12:34
Оқылды: 20

Облыс әкімі Астана қаласында өткен БҚО күндеріне атсалысқан барша жұртқа алғысын айтады

 kolginov Облыс әкімі Алтай Көлгінов Астана қаласында өткен БҚО күндеріне атсалысқан барша жұртқа алғысын айтады, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.


Құрметті батысқазақстандықтар!

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында осы жылдың 17-18 қыркүйек күндері Астана қаласында «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» атты Батыс Қазақстан облысының күндері өтті.
Елорда тұрғындары мен астана қонақтарына облысымыздың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылып, өңіріміздегі өнер иелерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізілді.

Батыс Қазақстан облысының Астанадағы күндерінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан өңіріміздің сөз бастар зиялылары мен еңбек сіңірген ардагерлеріне, маңдай тердің арқасында алынған өз өнімдерін ұсынған ауыл шаруашылығы мамандары мен жекелеген кәсіпкерлерге, астанамыздың төрінен өңір халқына дер кезінде ақпарат жеткізген облыстық газеттер мен телеарнаның тілшілеріне зор алғысымды айтамын. Батыс Қазақстан облысы ұйымдастырған шараларға қолдау білдірген ел ағалары мен өңірімізден шыққан белгілі тұлғалардың төбе көрсетуі біздің мерейімізді тасытты. Барлығына өзімнің және барлық батысқазақстандықтардың атынан ризашылығымды білдіремін.

Астана қаласында апта сайын «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» деген атпен өтіп жатқан іс-шаралар – бірлігі жарасқан бүтін ел екеніміздің айқын көрінісі. Өңірлер халқы еліміздің төрінде бас қосып, үлкен әсермен тарқасуда.
Егемен еліміздің кемел келешегі жолында еңбек етіп жатқан әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Құрметпен,

   Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай КӨЛГІНОВ

Батыс Қазақстан Облысы Әкімінің Баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале