30.05.2016, 17:05
Оқылды: 16

Автокөлік отқа оранды

 

pojar avtoЖаңақала ауданында 27 мамыр күні 17 сағат 45 минут  шамасында Халықтар достығы көшесінде Жаңажол ауылының тұрғынына тиесілі «Ауди В4» автокөлігі отқа оранды.


 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, өрт автокөліктің техникалық ақауларынан туындаған. Ауыл ішіндегі дүкеннен шығып, 100 метрдей жүргенде көліктің панелі түтіндей бастаған. Көлік иелері дереу көліктен түскенде, ішке кірген ауамен өрт лап етіп жанған.

Өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жетіп, тілсіз жау ауыздықталды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда оқиға салдарын тексерумен аудандық ішкі істер бөлімі айналысуда.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале