26.04.2024, 12:45
Оқылды: 46

Жол бұзылғанымен, қатынас үзілген жоқ

Индер - Барбастау жолының 115 шақырымында Жайық өзенінің суы жолды бұзып-жарды. Бұл оқиға бүгін таңда болған. Ақжайық ауданы Көнеккеткен ауылдық округінің әкімі Ұлдаш Қадырғалиеваның айтуынша, Көнеккеткен мен Қамыстыкөл ауылдарының арасындағы байланыс үзілмеген.

жол сырым

Көрнекі фото

– Жолдың осы учаскесі Қамыстыкөлден Көнеккеткен ауылына шыққанда, төртінші шақырымда орналасқан. Жолдың бұзылуы қатынасқа әсер еткен жоқ. Екі ауылдың арасындағы айналма жолды осыған дейін төтенше жағдайға байланысты көмекке келген «UNISERV» ЖШС техникасының күшімен көтертіп алған едік. Соның арқасында көліктер жолдың бұзылған учаскесін айналып өтіп жатыр, – деді Ұлдаш Зайдағалиқызы.

Аидас Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале