23.02.2016, 17:16
Оқылды: 52

Айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді

Avto uragan   БҚО ІІД-де айыппұлдары бар борышкерлердің автомашиналарын анықтайтын 2 жылжымалы және 2 стационарлық «АвтоУраган» кешені қызмет етеді.

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірге айыппұл төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау бойынша рейдтік іс-шара өткізуде.


Бірлескен жұмыс нәтижесі бойынша 282 автокөлік иесі ұсталды, олардың жалпы сомасы 5 млн. 832 мың 802 теңге берешектері бар болып шықты.

Аталған көлік иелерінің көлік құралдары ҚР ҚК-нің 797-бабы, яғни, «Көлiк құралын ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу» бойынша ұстау себебі анықталғанға дейін айыппұл тұрағына қойылды.

Іс-шара барысында 1 млн. 021 мың 278 теңге өндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД Әкімшілік

 полициясы басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале