1.07.2016, 21:17
Оқылды: 27

Акционерлендіру өндіріске тың серпін береді

Screenshot_2016-07-01-21-01-07-1Орал қаласындағы «Пушкин отель» қонақ үйінде «Ақтөбе металл конструкциялар зауыты» АҚ-ның ІРО-ға шығуына орай роуд-шоу өтті.


Шара барысында аталмыш зауыттың коммерциялық директоры Виталий Шершнев металл конструкциясының сан түрін жобалаумен, дайындаумен айналысатын өндіріс орнының технологиялық дамуы жөнінде баяндады.

Screenshot_2016-07-01-21-01-53-1«Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында металл конструкциялары нарығына аяғын имене басқан зауыт бүгінде республикамыздың батыс аймағындағы табысты компаниялардың қатарына енді, - деді ол. - Енді біз республикалық маңызы бар кәсіпорынға айналып, өнімдерімізді экспортқа шығаруды көздеп отырмыз. Соған орай акционерлендіру ісін қолға алудамыз. ІРО шарасы бізге инвесторлар үшін тартымды компания атануымызға мүмкіндік береді деген ойымыз бар. Ал инвестиция өндірісті дамытып, компания әлеуетін толық пайдалануға жағдай туғызады деп сенеміз».
Жобаның маркет-мейкері болып табылатын «Фридом Финанс» компаниясының бас директоры Тимур Турловтың айтуынша, қаржы нарығына шығу кез-келген компанияның клиенттер мен серіктестер арасындағы беделін арттырып, бизнесті халықаралық қаржылық талаптарға сай жүргізуге жол ашады.

«Ақтөбе металл конструкциялар зауыты» АҚ-ның қарапайым акциялары шілденің ортасынан бастап сатыла бастайды. ІРО-ға 86 мың данаға жуық акция шықпақшы.

www.zhaikpress.kz

Мәди ЫҚЫЛАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале