29.10.2015, 16:00
Оқылды: 40

Алтыннан алқа тақты

 

кайсарИзраиль елінен сүйінші хабар жетті. Осы елде ардагерлер арасындағы спорттың самбо түрінен өткен әлем біріншілігінде жерлесіміз, бірнеше мәрте республикалық, шетелдерде өтіп келе жатқан сайыстарда топ жарып келіп жүрген Шыңғырлау аудандық БЖСМ директоры Қайсар Құсайынов өз салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты.

Жерлесіміздің жеңісі Қайсарға сенім артып, ақ жол тілеп шығарып салған ауылдастарын қуантып тастады. Самбо сайыстарында сағы сынып көрмеген оның кезекті жеңісіне жерлестері ерекше қуанулы.

  www.zhaikpress.kz

Гүлім Шынтас

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале