11.09.2015, 10:00
Оқылды: 24

Араққа қашанғы арбалады?

ARakkk   Пробация қызметтерінің есебінде тұрған сотталғандармен дәстүрлі «Альтернативник» жедел-профилактикалық іс-шарасы елімізде биыл 14 – 21 қыркүйекте өтеді. Ақжайық аудандық №1 пробация қызметінде осыған дайындық неғұрлым жан-жақты жүргізілуде. Егер былтыр бұл қызметте қоғамнан оқшаулаусыз сотталған 47 адам тұрса, осы жыл басынан бері 37 еді, бүгінге дейін соның 14-і тиісті белгіленген кезеңде түзелу жолына түскендіктен, жазаларын өтеуден босатылды.

– Өкінішке қарай,-дейді аталған пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Қуат Бижанов,- сот қарастырған міндеттерін орындамай, бұрынғы қылығына қайта басып, қоғамдық орында тәртіп бұзғандары үшін Чапаев ауылынан бостандығын шектеу жазасына сотталған 3 тұрғын биыл темір тордың аржағына жөнелтілді. Бірі 45, екіншісі 32, үшіншісі 20-дан асқан бұлардың барлығы инспектордың ескерткенін тыңдамай, оған белгіленіп тұру күні келмей, араққа арбалғандар болып табылады.

«Шайтанның суына» арбалудан талайлардың өзегі өртенуде. Алайда бұл ащы сабақтан қорытынды шығара білмейтіндердің де аз емесі қоғамды қынжылтып отыр ма? Сауда орындарына сапасы айқын күмәнді, яғни адамды шын мәнінде жындандыратын арақ-шарапқа қашан тосқауыл қойылады? Осы сұрақтар көлденеңдейді...

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале