7.06.2016, 18:29
Оқылды: 23

Ардагерлердің «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты фестивалі өтті

Kaztalov kairan erler   7 маусым күні Әжібай ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған ардагерлердің «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты фестивалі өтті.

    Фестивальде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев өнерпаздарды мерекемен құттықтап, фестивальдің әрі қарай табысты өтуіне тілегін білдірді.


Шарада Ескендір Хасанғалиев, Шәмші Қалдаяқовтардың әндері шырқалып, мың бұралған би мен күйлер де орындалды. Шарада ерекше көзге түскен ардагерлер хорын, «Ақ әжелер» тобының мүшелерін атап өтуге болады. Әсіресе Гүлбаршын Бекхожина, батыр әжеміз Сайран Дүйсенғалиевалар әдемі үндерімен көреремендердің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ ауыл ардагерлері жөнінде бейнетаспа да көрсетілді. Шара соңында Бірік ауылдық округінің әкімі Бекқали Мусин өнерпаздарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тіледі. Ауылдастарының өнеріне тәнті болған көрермендер кеш соңында орындарынан тұрып, ду қол шапалақтарын аямады.

www.zhaikpress.kz

Әсем ХАЛИУЛЛИНА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале