10.05.2015, 18:04
Оқылды: 23

Астанадағы шеруді тамашалап оралды

Astana Akim 9 mai   Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Астана қаласында болған салтанатты шеруді тамашалап қайтқан 17 ҰОС ардагерлерін облыс әкімі Н. Ноғаев бастаған топ ыстық ықыласпен қарсы алды. 

   Майдангерлер мамырдың 6-сы күні «Эйр Астана» әуекомпаниясының ұшағымен Орал әуежайынан аттанған болатын. Теледидардан тамашалау бір бөлек те, көзбен көру бір басқа. Өңірімізден аттанған делегаттардың арасында Елбасымыздың қолынан «Құрмет» орденін алған ҰОС ардагері, жерлесіміз Мінжан Абдархманов та бар. Ұлы сапардан оралған шерушілерді оркестрдің үнімен қарсылап, әскери үлгіде киінген қыздар гүл шоқтарын ұсынды.

Осындай құрметке ие болған ардагерлер өңір басшылығына ризашылықтарын білдірді.  

   -  Ең есте қаларлық сәт - ол Президентіміз Н.Назарбаевтың қатысуымен болған салтанатты концерт еді. Елімізге танымал әртістер өнер көрсетіп, көңілімізді көтеріп тастады. Кейін салтанатты шеруді тамашалап, қазіргі заманға сай жабдықталған әскери техникаларды көріп қуанып қалдық, - деді ҰОС  ардагері Иван Гапич.

     Салтанатты шеруді тамашалап келген ардагерлерге «Атриум» сауда үйінің дәмханасында дастарқан жайылып, қарсылау рәсімі емен-жарқын әнгімеге ұласты. Осынау мереке күндері ҰОС-ның ардагері Николай Ветровқа сонау алыстағы Монғолияның Қорғаныс министрлігінен медаль келіп, иесін күтіп жатқан еді. Облыс әкімі Н.Ноғаев аталмыш медальді Н.Ветровқа салтанатты жағдайда табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале