26.04.2016, 11:48
Оқылды: 37

Асылбек дейді Айдархан

Janakala Asilbek     Жаңақала ауданындағы Айдархан орта жалпы білім беретін мектебінде Асылбек Ишановты еске алуға арналған «Жүректе өшпейтін жырың қалды» атты еске алу кеші өтті.

     Биыл өмірден өткеніне 9 жыл толуына орай аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен өткен кештің негізгі мақсаты айтыс ақыны, осы ауылдың түлегі Асылбектің еске алу арқылы оның өмірін, жырларын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.


     Кешке жиналғандар алдымен марқұмның басына барып, дұға оқыды. Кейін мектеп алаңына орнатылған марқұмның кеуде мүсінінің жанында 1 минут еске алған соң, ескерткіш жанына «жас ақындарды Асылбек рухы желеп жебеп жүрсін» деген мақсатта гүл түптерін отырғызды. Одан кейін аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының үйірме мүшелері, Асылбектің артынан ерген ізбасарлары ақынның сыныбына болып, ақын білім алған мектеп музейін тамашалады.

     Мектептің акт залында жалғасқан еске алу кешіне марқұмның ата-анасы, тума-туысқандары, ауыл трғындары, оқушылар қатысты. Кеште Айбарыс Миразат, Айриза Миразат, Назира Дидарқызы, Мирлан Шүкіров сынды оқушылар Асылбектің жырларын оқыса, болашақ Асылбектің ізбасарлары Д.Нысанғалиев, А.Ғұбашев, А.Борашев, А. Абай сынды жас ақындар Асылбектей біртуар ұлға арнау өлеңдерін тебірене жырлады. «Ұстазының жақсының ұстамы жақсы» дегендей жақсы ұстаздың алдын көрген Асылбектей талантты білім нәрімен сусындатқан ұстаздары Ә.Иманғалиқызы, Ж.Қуанқызы, А.Сағынғалиқызы, Ж.Мұзафарқызы сияқты ұстаздары Асылбек туралы естеліктер бөлісіп, сыныптасы Сәуле Ерболатқызы  ақын ұлдың  мектептегі қызықтары жайында тебірене әңгімелеп берді.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале